Басты жаңалықтар, Колледж жаңалықтары
26.10.17
Оқушылардың ғылыми конференциясы2017 жылдың 25 қазанында колледж акт залында әлеуметтік-құқықтық пәндері циклы апталығының жоспары бойынша колледж студенттері арасында ғылыми конференция өтті. Конференцияның тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Айтулы тақырып аясында апта бойы колледжде түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды.
Конференцияға 13 баяндамашы көпшілік назарына өз баяндамаларын ұсынды.
Конференцияда колледж студенттері өз күрделі мәселелерін, пікірлерін талқыға салды.
Конференцияға мектеп оқушылары да қатысты. Өз баяндамасымен Қамысты ауданының Жайылма мектебінің 9 сынып оқушысы Жуванышев Диас ғылыми жұмысымен қатысып, сертификатқа ие болды.
Сертификат біздің колледжге «Құқықтану» мамандығына емтихансыз түсуге рұқсат береді.
Конференция жүлдегерлеі:
- Алимгазиева Алтынай, Сантаева Айжан, «Учет және аудит» мамандығының 2 курс студенттері. Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Кейкі батыр: шындық пен ақиқат», ғылыми жетекші Рахимжанова Г.К.
- Донцова Оксана, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3 курс студенті. Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Әлеуметтік қорғау ұйым қызметкерлерінің темперамент және күйзеліске төзімділіктің өзара байланысын зерттеу», ғылыми жетекші Кубекова А.М.
- Валеева Людмила, Казбаева Элеонора, «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері. Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Экологиялық заңнамманы бұзғаны үшін заңды жауапкершілік тиімділігінің мәселелері», ғылыми жетекші Исмаилова А.Т.
Конференция марапаттау рәсімімен аяқталды. Конференция қонақтарына колледж студенттері шағын концерт әзірледі.