Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары
24.10.17
Жастар арасында психобелсенді заттарды қолдануды профилактикасы2017 жылғы 24 қазанда колледждің мәжіліс залында әлеуметтік-құқық пәндерінің пәндік аптасының шеңберінде жастар арасында психобелсенді заттарды қолдануды профилактикасына арналған Қостанай облыстық наркологиялық диспансерінің психологы Бисимбаева Гүлсім Айтжановнамен кездесі өткізілді.
Кездесу мақсаты: жасөспірімдерде өз денсаулықтарына жауапты көз-қарас қалыптастыру, салауатты өмір салтына назарларын аудару, есірткіге тәуелді топқа кіру қауіпін төмендету. Кездесудің қатысушылары бірінші курс оқушылары болып табылды, қонақ ретінде Қостанай қаласының №4 орта мектенбінің 9- сынып оқушылары шақырылды. Бейнероликтерді қарағаннан кейін белгіленген тақырыпқа викторинаның сұрақтарына жауп беру ұсынылды. Ең белсенді қатысушылар сыйлық ретінде қаламдармен мадақталды.
Кездесу «Ісірткіге ЖОҚ де!» жазуы бар футболкалар киген П-58 тобы оқушыларының флешмобымен аяқталды.