«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

24.10.17

Әлеуметтік-құқықтық пәндер апталығының ашылуы

23 қазанда 2017 әлеуметтік-құқықтық пәндер апталығының ашылуы өтті, оқушылар мен ұстаздар назарларына «Туған жер-туған ел» атты әдеби-музыкалық іс-шара ұсынылды.

IMG_1030

Шара барысында Президенттің 17 сәуірде 2017 жылы шыққан «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласының негізгі бағыттары, ал оның ішінде «Туған жер»  бағдарламасына көңіл аударылды. Осы апталыққа арнайы колледжде «Туган жерім» тақырыбы бойынша сурет сайысы өтті, суреттер оқушылар мен ұстаздар назарларына ұсынылды.

IMG_0980

Сонымен қатар, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Қостанай қаласының архитектура және мәдениет ескерткіштері» атты көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада Қазақстан туралы патриоттық әндер мен өлендер айтылды.

IMG_1019