Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары
11.10.17
Психикалық денсаулықтың Халықаралық күні10 қазанда Психикалық денсаулықтың Халықаралық күнін 1992 жылдан психикалық денсаулықтың халықаралық федерациясының бастамасымен барлық елдерде аталып өтіледі.
Психикалық денсаулық адам денсаулығының біртұтас және маңызды бөлігі болып табылады. Ол әр адам өзінің қабілеті мен жеке шамасын жүзеге асыру мүмкіндігі мен аман-есендік жағдайын, күнделіктегі өмірлік стресқа қарсы тұра алуын, жемісті және өнімді жұмыс істеуін, өмір сүріп жатқан қоғамдық өмірге өз үлесін қосуын анықтайды. Психикалық денсаулықтың осы позитивті ойында әр адамның берекесі мен аман- саулығының негізі және барлық қоғамдастықтың тиімді қызметі көрсетіледі.
Осы күні колледжде «Смайл күні» ойыны өтті.Студенттер мен оқытушыларға таң ертеңгілік, сабаққа дейін, сабақ кезінде, сабақтан кейін өзінің көңіл-күйін бағалау мүмкіндігі туды.
Бұл күні студенттерге «Сенің өміріңдегі ең маңызды нәрсе не болып табылады?» деген сауалдарға жауап бергізе отырып, «Идея мен ойлардың жиынтығы» акциясына қатысуға ұсыныстар жасалынды.