«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Басты жаңалықтар, Колледж жаңалықтары

03.10.17

Олардың еңбектері құрмет көрсетуді тілейді

Колледжде 29 қыркүйекте Халықаралық қарттар күніне арналған шара ұйымдастырылды.
Барлық топтарда: «Қарияны сыйлау керек», «Олардың еңбектері құрмет көрсетуді тілейді» атты тақырыптық сынып сағаттары өтті.
Топ жетекшілерінің өткізген сынып сағаттары колледж студенттеріне мынадай адами қасиеттерді қалыптастырады: толеранттылық, қайырымдылық, мейірімділік, қарапайымдылық, ашықтық  және үлкенді сыйлаушылық, құрметтеушілік.
Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шараға Б-211, Б-212, Б-213 топтары қабырға газетін ресімдеді.
29 қыркүйек айында колледжде педагогикалық еңбек зейнеткерлерімен, сонымен қатар колледждің зейнеткерлікке шыққан қызметкерлеріне мерекелік кездесуді ұйымдастырып, жүргізді. Колледждің студенттері қонақтарды ән, би, өлең жолдарымен құттықтады. Іс- шара соңында құрметті қонақтарды дастарқанға шақырды. Қонақтарға ақшалай сыйақы берілді.
Біз іс- шараға денсаулығына байланысты келе алмаған педагог – ардагерлерімізді де ұмытқан жоқпыз. Колледж қызметкерлері олардың үйлеріне барып, қажетті көмек көрсете отырып, оларға жылы сөзбен қолдау беріп, ақшалай сыйақы ұсынды.

imageIMG_7755