Басты жаңалықтар, Колледж жаңалықтары
18.05.17
Болашаққа көзқарас: қоғамдық сана — сезімді жетілдіруҚазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжінде 18 мамырда «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сана — сезімді жетілдіру» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс шараға тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халықтар Ассамблеясының мүшесі В.Г.Вишниченко және Қазақстанның құрметті журналисті, «Президент біздің ойларымыздың бейнесі сияқты» атты телефильмнің авторы Г.Б.Бекмухамедова шақырылды.
Осы еңбегі үшін журналист Президенттің кеңсесінен алғыс хат алғанын айта кету керек. Педагогикалық ұжыммен талқылау барысында, Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған саяси реформасы туралы және экономиканы жаңғырту туралы пікірлермен қатар, түсірілген телефильмнің мәнмәтінінде Елбасы тұлғасының рөлі туралы пікірлер айтылды. Кездесу жемісті өтті, барлық қатысқандар өзгеру керек және жаңару арқылы өз болашағыңды құру керек деген пікірмен келісті.