Басты жаңалықтар, Колледж жаңалықтары
20.04.17
АЛЕКСЕЙ НИКОЛАЕВИЧ ТОЛМАЧЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ТӨРЕШІ –ОҚЫТУШЫ АЛЕКСЕЙ НИКОЛАЕВИЧ ТОЛМАЧЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ
Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, бапкер, төреші Алексей Николаевич Толмачев 2015 жылы 04 сәуірде 69 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Алексей Николаевич Толмачев 1946 жылы 28 қазанда дүниеге келді. 1969 жылы Алматы дене шынықтыру және спорт институтын бітіріп, Қостанай кооперативтік техникумына жолдамамен келіп 45 жыл еңбек етті. Бар өмірін спортпен білімге арнады. Алексей Николаевич өмірін белсенді позицияда ұстады және өзінің ақжарқындығымен,ақкөңілдігімен әр адамға көмегін берумен әріптестері мен оқушыдардың есінде мәңгі қалады.
2017 жылы 20 сәуірде Қостанай экономика колледжінде
еске алуға арналған 300 метр қашықтыққа
III — ші ашық жеңіл атлетикалық жүгіріс өткізілді.Жарысқа 190 –нан астам адам қатысты.
Қорытындысында ер балалар арасында келесі орындар берілді:
1 –орын Жангабулов Ануар Э-2
2 –орын Тулегенов Нурша П-56
3 –орын Филипов Денис Ср-6
Қыз балалар арасында :
- Орын Подтяжкина Виолетта Оэ-8
- Орын Гурьянова Валентина Б-210
- Орын Якупова Валерья М-208
Ең белсенді топ Пк-12, cынып жетекшісі Күнтуған Бахытхан Күнтуғанұлы.
Топ оқушыларына III –ші ашық жеңіл атлетикалық жүгіріс кубогі және естелік сыйлық берілді. Бұл іс –шара Алексей Николаевич Толмачевты еске алу құрметіне өткізу дәстүрге айналған.