«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Басты жаңалықтар, Колледж жаңалықтары

18.04.17

Ашық есік күні

Кәсіби бағдарлау жұмысының жоспарына  байланысты «Қазтұтынуодағы  Қостанай  экономика колледжі» Мекемесінде   Қостанай қаласы және Қостанай аудандарының  9 — шы  және 11 – ші сынып түлектерімен  кездесу  өткізілді.
Жыл сайын ата – аналар және  мектеп түлектері  алдында күрделі  мәселелер туындайды: қандай оқу орнын таңдасам екен, болашақта табысты маман болудың кепілі бола алатын оқу қандай.

IMG_6772 IMG_6781
«Қазтұтынуодағы  Қостанай  экономика колледжі» Мекемесінің тарихы өз дәстүрлерімен, педагогтар мен оқушылардың жетістіктеріне бай,  облысымыздағы  ертеден келе жатқан оқу орындарының бірі болып есептелінеді.

IMG_6809IMG_6831IMG_6835IMG_6845

Іс — шарада мектеп оқушылары колледж тарихымен, материалдық — техникалық базасымен және болашақ  мамандарды  даярлайтын мамандық түрлерімен  танысты. Колледж былтырғы жылдың мамыр айында  60 жылдық мерей тойын атап өтті. Осы жылдар аралығында  еңбек нарығында қажетті талап етілген  20000  астам білікті  мамандарды даярлап шығарды. «Қазтұтынуодағы  Қостанай  экономика колледжі» Мекемесі  Қазақстанның ең үздік экономикалық колледждерінің ішінде  3 орын алды.

  IMG_6853 IMG_6859
Сенбі күні колледж облыс мектептерінің түлектеріне есігін айқара ашты.  Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қазыбай А.Б. мектеп оқушыларын құттықтау сөзімен қарсы алды.  Іс – шараға қатысушылардың барлығына колледжге қандай мамандықтар бойынша қабылдау жүргізілетіні және бағыттары туралы  ақпараттық материалдар берілді. Кездесуге қатысушылардың қойған сауалдарына қабылдау тәртібі  бойынша  түсінік және колледж туралы  толық  ақпарат берілді. Кездесуде  колледж оқушылары таңдап  алған мамандықтары туралы айтып берді.   Сөз сөйлеген кезде таныстыру  рәсімі, бейнеролик  көрсетіліп, сазбен сүйемелденіп отырды.

IMG_6897 IMG_6869

Кейін мектеп түлектеріне  экскурсия ұйымдастырып, оқу кабинеттерін, зертханаларды, лингафон кабинеттерін, мұражайды, кітапхананы т.б. көрсетті. Кездесу іскерлік  және конструктивті  түрде  өтті. Қатысушы  қонақтар іс – шараны  жақсы ұйымдастығанын  және даярлағанын  атап өтті.