«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Басты жаңалықтар, Колледж жаңалықтары

25.02.17

Жалпы білім беру циклының іс шараларының өткізіліу

Колледжде  ақпанның 20 нан 25 аралығында жалпы білім беру циклының апталығы өтті. Циклдың пәндік апталығы  ішінде  қызықты іс шаралар жоспарланып, ұйымдастырылды және  өткізілді.  Цикл оқытушылары Нұрғалиева М.А. және Мамитанов Б.Г.  «Астана ЭКСПО — 2017» тақырыбына  арналған газет шығарды. 1 курс оқушыларының арасында «Астана – ЭКСПО — 2017»  арналған  макеттер және қолдан жасалған бұйым үлгілері бойынша конкурс өткізілді. (жауаптылар Кулесова К.К., Баирова Р.Т., Нұрғалиева М.А.) Пәндік апталық  «Астана ЭКСПО — 2017»  мерекелі сыныптан тыс іш – шарамен басталды.  (ұйымдастырушы Аубакирова К.Ж.).  Іс – шараға Қостанай қ-сы           № 15 ОМ оқушылары шақырылды. Біздің  колледждің оқушылары және  шақырылған  оқушылар өз  командаларын таныстырды, КВН түрінде  өзара  жарысты.  Барлық қатысушылар  мен жеңімпаздар грамота  және сыйлықтармен марапатталды.

IMG_4334 IMG_4353 IMG_4389

Апталықта  28 – ші Әлемдік Универсиада Алматы 2017 тақырыбына  арналған шаңғы  жарысы өткізілді (ұйымдастырушылар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Күнтуған Б.К., Аңсағанов Д.А., Рыжкова Н.В., Мамитанов Б.Г.) Шаңғы спорты жарысына 23 қыз және 42 ұл қатысты. Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау  және  дәріптеу.

3 4

Пәндік апталықта дәстүрлі түрде пәндер бойынша: математика, физика, химия, биология және география пәндерінен білім олимпиадасы өткізілді.  Ағымдағы оқу  жылында 1 курс оқушыларының жалпы білім беру пәндерінен білім олимпиадасына қатысып өздерінің танымдық білімдерін тексерулеріне мүмкіндіктері  болды.

IMG_4412 IMG_4415 IMG_4418

Циклдық комиссияның оқытушылары Бектыбаева А.К. және Адров А.Н., «Өз ойыны» интеллектуалды викторина және «Эрудит» интеллектуалды ойыны атты  іс – шараларды өткізді. Іс шара  1 курстың Б – 209, Оэ – 8 топтары оқушыларының  арасында өткізілді. Іс шараның  мақсаты оқушылардың ұжымшылдық, өзара көмек көрсету, ұйымшылдық, жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу жәнежастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында қызмет  етуге  дайындау. Іс – шара теориялық материалдардың білім сарпасын анықтауға бағытталған. Осылайша жақсы микроклимат  іс — шараны дайындау және өткізу, пікірталас және өзбеттерінше қорытынды шығаруды талап ететін проблемалық жағдай туғызу, сондай — ақ өз таланттары мен қабілеттерін ұсыну және көрсету  мүмкіндіктері – осының барлығы әрбір оқушыға ойын қатысушысының белсенді позициясын алуға  мұрсат берді.  Оқушыларды  грамотамен  және сыйлықтармен марапаттады.

IMG_4422 IMG_4443 IMG_4447 IMG_4467 IMG_4495

 Апталық аясында  «Ұлт жоспары «100  нақты  қадам: барлығы үшін заманауй мемлекет» тақырыбына  арналған  оқушылардың  ғылыми конференциясы өткізілді. Барлығы 9  ғылыми  жұмыс  ұсынылды.  Мазмұны  жағынан  бар  жұмыс  қызық, тақырыпқа  сай,  өте  өзекті,  зерттеу,  танымдық  сипатта  орындалған.  Конференцияның  қорытындысы  бойынша  ғылыми  жұмыс  жинағы  шығарылды.

IMG_4506 IMG_4540

Пәндік  апталықтың  қорытындысы   қабырға  газетінде әрбір  іс-шараның  көрнекті  сәттері, қатысушылары, ұйымдастырушылар  мен көрермендері  шығарылды.

Газета

Іс — шараның ұйымдастырушыларына    және  қатысушыларына  білім беру  циклының  пәндік  апталығын  өткізгендері  үшін зор  алғыс  білдіремін.

     Пәндік  циклдық  комиссияның  төрайымы  Баирова  Р.Т.