Басты жаңалықтар, Колледж жаңалықтары
24.02.17
«Своя игра» интеллектуалдық сайысЖалпы білім беру пәндер апталығы аясында ақпанның 22-нде екі топ Б-209 және Оэ-8 оқушыларының арасында физика пәнінен «Своя игра» интеллектуалдық сайысы өтті. Оның мақсаты: студенттердің пән бойынша алған білімдерін толықтырып, студенттердің ойлауын, дүниетанымын, тез шешім қабылдай алатын, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
Төрт бөлімнен құралған жарыс қызықты әрі тартымды өтті. Сайыс «Ұлы адамдар өмірі», «Механикалық қозғалысы», «Физикалық шамалардың өлшем бірліктері», «Назарына арналған тапсырмалар» атты кезеңдерден тұрды. Сайысқа түскен студенттер білімдерін ортаға салып, қызуы үстінде болды. Әсіресе студенттер Бекмухамбетова Дана, Дитаева Самал, Ермек Еркебұлан, Искендирова Тоқсұлу(Оэ-8 тобы) және Тимошенко Данил, Малиновская Снежана, Кононенко Ксения(Б-209 тобы) алғырлықтарын көрсете білді. Қорытындылай келе жатып «220 Вольт»-атты топ студенттері(Оэ-8) бірауыздылық көрсетіп, 380 ұпайымен жеңіске жетті. Әділқазылар мүшесі әр топты өз деңгейінде бағалап, марапаттады. Бұл жарыс сабағы жоғарғы деңгейде өтті. Жарайсыңдар! Құттықтаймыз! Биіктен шыңнан көрінеберіңіздер!
Бектыбаева А.К.,
физика пәнінен мұғалімі