«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Колледж жаңалықтары

23.01.17

БІРІНШІ КҮН – ӘДІСТЕМЕЛІК АДВАЙЗЕР

Әдістемелік апталық  «Өзіміз де үйренеміз – өзгелерді де үйретеміз»

         Педагогикалық ұжымның ғылыми – әдістемелік жұмысын  жетілдіру,   кәсіптік құзіреттілігі деңгейін арттыру, жұмыстың жаңа,   біртума   және өнімді идеяларын анықтауды  тиімді  ынталандыруды  қалыптастыруды бағытында  шығармашылық  бастамаларын көкейкесті ету мақсатында, озық тәжірибелерді насихаттау  және тарату бойынша, колледжде 2017 жылдың 23 қаңтарынан 30 қаңтарына дейін «Өзіміз  де үйренеміз – өзгелерді   де үйретеміз» атты тақырыпта әдістемелік апталықты өткізу  ұйымдастырылды.

         Әдістемелік апталықтың  бірінші күні – «Әдістемелік  адвайзер» — колледж педагогтарын ОӘҚ  және  оқу — әдістемелік, мерзімдік кәсіби әдебиеттермен  таныстыру рәсімі — көрмесіне жинады.

01

         Таныстыру рәсімі — көрмесі  әдістемелік табысты  және  2016 жылдың ОӘҚ әзірлеуде  жаңа  амалын көрсетуге  мүмкіндік  берді. Көрмеге  оқытушылардың әртүрлі  оқу — әдістемелік өнімдері:  қағаз және электронды тасығышта ОӘК, оқу құралдары, практикалық сабақтарға, оқу тәжірибесіне арналған тапсырмалар жинағы,   электронды форматтағы тест жинақтары, кәсіби қазақ тілі, ағылшын тілі және орыс тілі бойынша лексикалық  материалдар  жинағы  және басқа да көп материалдары ұсынылды. Оқытушылар ОӘК әзірлеуде  әріптестерінің  тәжірибесін  жете үйренуге, көрмеге ұсынылған материалдардың авторлармен  араласуға мүмкіндік  алды.

02

         Кітапхана  меңгерушісінің электронды таныстыру нысанында ұсынған оқу — әдістемелік  және мерзімдік кәсіби әдебиеттеріне  шолу, педагогикалық  ұжымды жаңа кітап жаңалықтарымен  таныстырды.