«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

1 курс студенінің ата-аналарына

КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЦЕНЗУРАСЫ

Компьютерлік ойындарға үлкендердің  бақылау жасауы — өте қажетті нәрсе, оны сіздер үшін біреу орындайды деп үміттенбеңіз.  Баланың қолына түсетін әрбір ойын  алдымен ата-ананың қолынан өтуге тиісті. Оның мазмұнына үңіліңіз.

Мына сұрақтарға жауап іздеңіз:
Бұл ойыннан менің балам нені үйренеді?
Оның бойында қандай тұлғалық қасиеттерді дамытады?
Тұлғаның осал жақтарының дамытуға ықпал етпей ме?
Оның іс-әрекетінде агрресивтік стиль қалыптастырмай ма?
Қандайда бір қауіпті ақпарат бермей ме?
Ойында бір де бір кері әсер болмауға тиісті.  Ол:

Дамытуы керек;
Әбес сөздер мен сөйлем болмауы керек;
Болып жатқан оқиғаға немқұрайлық қалыптастырмауы керек;
Агрессивті ақпарат болмауы керек;
Ауыр, қасіретті жағдайларға бой үйретуге тәрбиелемеуі керек;
Заңға қайшы нәрселерге үйретпеуі керек;
Адамның сыртқы пішінін бұрмалап, кеміс қылып көрсетпеуі керек;
Жыныстық тақырыптағы мазмұнда болмауы керек (осы  типтес суреттер).
Ең  тиімді жолы, сіздің балаңызда компьютер ойнауға аз уақыт қалатын жағдай, себебі ол спорттық секцияларда, үйірмелерде  болады.

СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ КОПЬЮТЕРГЕ ТӘУЕЛДІ БОЛМАУЫ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

1.  Оны уақыт нормаларымен таныстыру керек.
2.  Баланың түрлі нәрселермен айналысып уақыты бос қалмауын қадағалаңыз ( үйірмелер, секциялар және тб).
3.  Үй шаруашылығына  байланысты міндеттерді орындауға дағдылансын.
4.  Жанұяымен оқуды әдет қылыңыз.
5. Баламен күнделікті әңгімелесіп, оның проблемаларын біліңіз.
6. Араласатын адамдарын біліңіз, баланың жолдастарын үйге шақырыңыз.
7. Балаңыз бос уақытын қайда өткізетінін біліңіз.
8. Тіл табыса білуге үйретіңіз, баланың танымын кеңейтіңіз.
9. Эмоциялық, стресстік жағдайлардан шығу әдістерін үйретіңіз.
10. Компьютерлік ойындарды және бағдарламаларды бақылап отырыңыз.
11.Бірлесіп ойын ойнаңыз, бала күніңіздегі ойындармен таныстырыңыз.
12. Ескертусіз Интернетке шығуға  рұқсат етпеңіз. Кейбір ақпараттарға кіруге тыйым салыңыз.
13.  Өмірдің жағымсыз құбылыстары туралы баламен әңгімелесіңіз, зұлым болмауға, жамандыққа бой үйретпеуге тәрбиелеңіз.
14. бала ата-анасына еліктейтінін ұмытпаңыз, сондықтан балаңыздан талап еткен ережені өзіңіз бұзбаңыз.
15.Өзіңіздің  не нәрсеге тәуелді екеніңізге талдау жасаңыз. Шылым, ішімдік, теледидар?  Сіздің  еркіндігіңіз  —  балаңыздың тәуелділігінің алдын алудың ең үздік жолы!

ЕГЕР СІЗ БАЛАҢЫЗДЫҢ КОМПЬЮТЕРГЕ ТӘУЕЛДІ ЕКЕНІН СЕЗСЕҢІЗ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

1. Күштеуге жол бермеңіз, қатаң тыйымдар мен шек қоюларға жол бермеңіз.    Тез және жылдам  еш нәрсе істемеңіз, себебі  оның тәуелділіктен дереу бас тартуының соңында басқаша іс-әрекет болуы мүмкін (өз өмірін қию, өзіне қол жұмсауға әрекет жасау, үйден кетіп қалу және тб. жағдайлар).
2.Бұл жағдайдан жайлап жол табуға тырысыңыз
3. «Әлде қалай болады» деп әрекет етпеңіз, болған жағдайды және балаңыздың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып тексерілген, сенімді әдістерді қолданыңыз.
4. Тіл табысуға тырысыңыз. Копьютердің пайдалы мен зиянды жақтары туралы түсіндіріп айтыңыз.
5. Еркіндік, таңдау мүмкіндігі, шешім қабылдаудың жауапты екендігі туралы сөйлесіңіз
6. Компьютерде отыру уақытына аздаған айырмашылық  жасаңыз. Жаңа жағдайларды қалай қабылдағанын, ең бастысы оны қалай орындайтыны қадағалаңыз. Уақыт шектеулерін сақтаудың балаңызға қиындық тудырмайтынын тексеріңіз.
7. Егер уақыт қысқартудың біртіндеп сәті түссе, онда  белгілі нормаға жеткенше осы  әдісті қолданыңыз.
8. Егер баңыз сөз беріп, удесінде тұра алмаса онда оны маманға апарған жөн. Алдымен – психологқа. Ол баланың тәуелділік деңгейін  және ол проблеманы жеңіп шығуға оның мүмкіндігі  бар ма екендігін анықтайды .
9. Егер психолог психиатрға баруға кеңес берсе, онда тәуелділік баланың еркін толық билеп алған және баланың түйсігіне әсер еткен.

ЖАС ШАМАСЫ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛЕР
— 7-жасқа дейінгі баланың компьютерға отыруы дұрыс емес.  Егер ата – анасы тарапынан қарсылық болмаса күніне 20 минуттан отыруға рұқсат етпеңіз және де екі күнде бір рет.
— 7-12 жастағыларға компьютерлік уақыт мөлшері күніне 30 минут, бірақ күнделікті емес!
— 12-14- жастағылар компьютерде күніне 1 сағат отыруға болады.
— 14 -17  жастағылар үшін компьютерде жұмыс ісьтеу уақыты 1,5 сағат.
— үлкендер үшін 5 сағаттан артық жұмыс істемеген жөн.
— компьютерде жұмыс імстеушінің әр қайсысы аптасына бір рет демалыс жасап ол күні бір сәтке де компьютерге жақындамағаны дұрыс.