«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


0520000 – Логистика (сала бойынша)

артқа

Мамандығы: 0520000 – Логистика (сала бойынша)
Біліктілігі: 0520013 – Операциялық логист
Оқыту нысаны: күндізгі
Оқытудың мерзімі:
1 жыл 10 ай (11 сынып базасында)
2 жыл 10 ай (9 сынып базасында)

Бітіруші ие болатын құзыреттер тізімі:

Жалпы құзыреттіліктер:
Өз мамандығының мәнін және әлеуметтік маңыздылығын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту.
Өз іс-әрекеттерін ұйымдастыру, кәсіби міндеттерді орындауда үлгілік әдістер мен тәсілдерді таңдау, олардың тиімділігін және сапасын бағалайды.
Стандартты және стандартты емес жағдайларда шешімдер қабылдайды және олар үшін жауапты болады.
Кәсіби міндеттерді, кәсіби және жеке дамуды тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты іздеу және пайдалану.
Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
Ұжымда және командада жұмыс істеу, әріптестермен, басшылықпен, тұтынушылармен тиімді қарым-қатынас жасау.
Команда мүшелерінің жұмысына, тапсырмалардың орындау нәтижесіне жауапкершілік алу.
Кәсіби және жеке даму міндеттерін өз бетімен анықтау, өз бетімен білім алу, біліктілікті арттыруды саналы жоспарлау.
Кәсіптік қызметте технологиялардың жиі өзгеру жағдайында бағыт табу.
Әскери міндеттерді орындау, оның ішінде алған кәсіптік білімін (ер балалар үшін) пайдалану.

Кәсіптік құзыреттіліктер:
Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, логистикалық жүйенің бөлімі (бөлімшесі) деңгейінде стратегиялық және жедел логистикалық жоспарларды әзірлеуге қатысу. Логистикалық жүйе элементтерінің қызметін ұйымдастыру.
Логистикалық жүйенің бөлімшесі шеңберінде құжат айналымын жоспарлау және ұйымдастыру. Қажетті құжаттарды қабылдау, сұрыптау және өз бетімен жасау.
Жабдықтаушыларды, тасымалдаушыларды таңдауды жүзеге асырады, делдалдар мен таратушы арналардың түрін анықтайды.
Қорлар мен тарату арналарын басқаруда логистикалық  жүйенің бөлімі (бөлімшесі) деңгейінде жобалау, ұйымдастыру және талдау әдіснамасын игеру.
Өндірістегі материалдық ағындарды жедел жоспарлау мен ұйымдастырудың негіздерін білу.
Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін есепке ала отырып, логистикалық жүйенің бөлімі (бөлімшесі) деңгейінде жеткізілімдерді ұйымдастыру барысының инфрақұрылымын және жеткізілімдерді басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамытуға қатысу.
Тәжірибелік міндеттерді шешуде өндірісішілік логистикалық жүйелер жобасының әдістемесін қолдану.
Қорларды басқарудың түрлі үлгілері мен әдістерін қолдану.
Тапсырыстарды, қорларды, тасымалдауды, қоймалауды, жүктерді өңдеуді, орауды, қызмет көрсетуді басқарады.
Логистикалық жүйе элементтерінің тиімді қызмет етуін бағалау әдістемесін білу.
Логистикалық жүйенің (жеткізушілердің, делдалдардың, тасымалдағыштардың, қойма және таратушы арналар жұмысының тиімділігі)  бөлімі (бөлімшесі) деңгейінде бағдарламаны әзірлеу және жұмыс көрсеткіштерінің мониторингін  жүзеге асыру.
 
Логистке өзіне тән сипаттар:
Мақсаттылық;
Сабырлылық;
Парасаттылық;
Жинақылық;
Сындарлы;
Батылдық;
Жауапкершілік;
Жоғары ұйымдастырушылық қабілеттері;
Стратегиялық ойлау білігі.

Кәсіптік міндеттерге жатады:
Сатып алуларды жоспарлау;
Қозғалысты басқару және тауарларды жеткізуді бақылау;
Тауарларды тасымалдау мен сақтау процесстерін тиімді жүргізу;
Кәсіпорынның тауарлары мен қызметтерін нарыққа бөліп тарату;
Барлық операцияларды қоса жүретін құжат айналымын қамтамасыз ету.

Жұмыс бағыттары: көлік, өтім, сатып алулар, қойма немесе өндіріс.